Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

Бақыт Рүстемов — халықтар достығының алтын көпірі

Қазақстан мемлекеті  Тәуелсіздігінің арқасында кеңге құлаш сермеп келе жатқан ең жас мемлекет.  Ал,  ондай жас мемлекетте елдік істерді өзгелерге насихаттайтын дара азаматтың болуы заңдылық. Осындай заңдылықты  жүзеге асырып жүрген қазақ деп  Бақытқожа Рүстемовты еш бүкпесіз айтар едім. Халықтар достығы тақырыбында көзбен көрген көрнекті дүниелерін қағаз бетіне түсіріп,  қалам тербеп жүрген бірегей публицист. Бақыт Рүстемов ұлтының ұлылығын асқақтату  мақсатында қызмет етіп, өмірінің басым бөлігін  арнап жүрген қазақтың  асқар таудай ұлы.  Қазақтың қазақы болмысын танытуды алдына мақсат етіп қоя білген Бақыт Рүстемовтың шығармашылығына шыңдала бергей. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген  қазақ халқының аталы сөзін еске алсақ, өз ақыл білімімен әлемнің түкпір-түкпірінен дос тауып, өзін мойындатып жүрген дана қазақ. Бақыт Рүстемов — халықтар достығының алтын көпірі.

Бақыт Рүстемұлы сіз Қазақстан халқының,  сонымен қатар  халықтар достығының ауыр жүгін арқалап жүрген апталдай азаматсыз. Мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Отаныңыздың, әлем халықтарының  жетістіктерін көркем сөз, көрікті оймен шынайы көрсетудегі еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектестігімізді білдіреміз.

     Отбасыңыз аман, деніңіз сау,  қаламыңыз қарымды болғай.

Құрметпен,

Словакия Республикасының

Қазақстан  Республикасындағы Елшісі

  Петер Юза.

2014 жылдың Сәуір айы,