Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Бүкіл әлем журтына қазақ мәдениетін, әдебиетін танытып жүргеніңізге көп-көп рахмет. Деніңізге саулық, жумысыңызға табыс тілеймін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіз.

 26.03.2012
Жамбыл техникалық-гуманитарлық
университетінің студенті: Әзімхан Ерболсын. Тараз    қаласы.

 

 

 

Құрметті Бақытқожа!

Сайтыңа жазған сәлемдемеңді, сәлемдеме деймін-ау, жалпы Ана Жер қойнауында тіршілік күйбеңінен шыға алмай, мына қатыгез заманның күрмегі мен жұмбағын шешем деп саналы ғұмырының жартысын қазан етіп, қалғанын  ұйқыда өткізіп жүрген адамзатқа айтқан үндеуіңді оқып шықтым. Өте тамаша жазғансың. Аз сөзбен көп мағына беріп, әдебиеттің алтын қағидасын қолдана білгеніңе өте ризамын! Сенің әр цитатың, сөйлемің, сөзің, тіпті үтірің мен нүктең әр оқырманды маса шаққандай оятып, тақиясын жерге қойып, терең ойға шомдырарына күмән жоқ. Рақымет саған, бауырым!    

 Сәлеммен, Марат Арынов, жазушы, ақын, Қазақстанның «Алтын бесік» журналының Өзбекстандағы тілшісі. Ташкент қаласы. 27.06.2013. 

 

Хурматли Бақыт ака!

Сизниң ишлариңизга рівож, омад тілайміз. Келажакда көргазмалариңиз көпаяверсін. Юрган йоллариңиз очиқ боліп, қилган ниятиңиз етіб, бола-чақаңиз рохатини кориң. Ел оғзида халқ хизматида болиб юравериң.

 Сайдазимовлар оиласи. Чимкент шахри. 04.04.2012.

 

Бақыт аға!

Осы күнге дейін жасаған еңбектеріңіздің жемісін көріңіз. Отбасыңызға бақыт, шығармашылығыңызға шабыт тілейміз. Абыройыңыз арта берсін! Қазақ елін, мәдениетін бүкіл әлемге таратып жүргеніңізге үлкен рахмет айтамыз!

 Құрметпен, Жетісай қаласы студенттері. 30.03.2012.

 

Құрметті де қадірменді Бақыт Төлегенұлы және Раушан апай!

Қасиетті сыр еліне келген қадамдарыңызға гүл бітсін деб отырыб дендеріңізге саулық, бақ береке тілегіміз келеді. Осы игі бастамаларыңыз бен ауқымдыда маңызды жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.

Қызылорда облыстық мүзей қызметкерлері. 2012 ж. Сәуір айы.

 

Астаналық журналист, ақын, жазушы Бақыт Рустемовтың көрмесін көре отырып, шығармашылығына қайран қалдым. Көрмеде орынсыз турған бірде-бір дүние жоқ, барлығы өз орнында. Қазіргі уақытта біздің қоғамда жетпейтін халықтар достығы. Қазақ айтады «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп осындай бірлікті жырлап жүрген ағамызға, осындай жаста тек шығармашылық шабыт тілейміз.

Бақыт аға еңбегіңізге жеміс, шығармашылығыңызға шабыт тілейміз!

Облыстық Пушкин атындағы кітапхананың қызметкері Уалханова Рауия Нуралықызы деп білерсіз!

 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 1.02.2012 жыл.

 

Құрметті Бақыт Төлегенұлы!

Бүгінгі кездесү кеш өте қызық өтті, тартымды болып өтті. Көрмедегі фотосуреттеріңіз жанымызға құаныш, құат сыйлады. Әрқашан биіктен көріне беріңіз. Біз сізбен жүздескенімізге өте құаныштымыз. Сізге денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

 

14.04.2012. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы. Ақтөбе қаласы.