ҰЛЫ ЕЛ БАР ОЛ БҮГІН ҚАЗАҚСТАН

Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

Он сегіз мың ғаламда бір ғалам бар,

Ол ғаламда керемет бір ғажап бар.

Ол ғажаптың Жер-ана болар аты,

Ұрпағына адамның болашақ бар.

 

Толып жатқан мемлекет жер бетінде,

Өңай өмір жоқ болар шар бетінде.

Ұлы ел бар ол бүгін Қазақстан,

Көріп келем шабытты келбетінде!

 

Адам жанын қорғайтын қазығымда,

Керемет бар көне жер қазағымда.

Бүкіл байлық беріліп сахарама,

Терең ой мен күш жатыр мазмұныңда.

 

Тек жиналған жақсылар мекенімде,

Жарасып жүр жұптары некенің де.

Ұлт -ұлыстар достықта өмір сүріп,

Елестетер үлгісін Меккенің де.

 

Жерұйықты таппайсың бұдан артық,

«Тегіс»  деген жеріңнен шығар тыртық.

Ата-баба мекені болғандықтан,

Оу, ағайын болады жаннан артық.

 

Егілемін, еліммен армандаймын,

Жақсы күндер ұрпаққа қалғандайын.

Бірлігіміз күшейіп қалу үшін,

Кең дастархан бәріңе жайғандаймын. 

  

Дархан елім күн туса қасыңдамын,

Тірек болып қалуға жасындамын.

Үйренгенмін өзіңнен жақсылықты,

Болсам деймін әр істің басында мен.

 

Арнауымның өзегі бар сәні де,

Тек өзіңсің туған ел бар мәні де.

Жарататын ісіңе қажет болсаң,

Дайын тұрмын қолдауға мен әлі де.

 

Көк майса боп көгерер жүрсе арық,

Түзеледі еліміз болса нарық.

Ұйымдасып бірігіп жүрген кезде,

Мықтылыққа Отаным жетеді анық.

 

Сенен артық таппаспын елді мекен,

Буып алдым, ағайын, белді бекем.

Халқым, жерім мәңгілік гүлденсін деп,

Өзің үшін аянбай еңбек етем.