БЕРЕКЕЛІ БАС ҚАЛА

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Беу, Сарыарқа!

Төрін берген бас қалам,

Келешегі кемел менің АСТАНАМ!

 

Ордасы ол патшаның да, жастардың,

Арман, мақсат шыңында тұр асқардың.

 

Сол мұратқа сабыр қылсақ жетерміз,

Қыс пен көктем, жаз бен, бәлкім, өтер күз.

 

Елдер бізге бетін бұрды өркенді,

Сенім артып күнімізге ертеңгі.

 

Бұл да болса еркіндігі халқымның,

Құны жетпес бағаласа алтынның.

 

Орындалып жатыр содан ойдағың,

Көбейсінші, көбейсінші тойларың!

 

Ашық құшақ – жақынға да, досқа да,

Мерейленсін, берекелі Бас қала!