ТУҒАН ЖЕР САҒЫНЫШЫ

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Шыр етіп түскен жер қымбатты...

Ауылым, аяулым, сымбатты.

Өмірдің есігін ашқан сен,

Көңілді толқытты, жырлатты.

 

Кетпейді есімнен бұла күн,

Жандырған қиялдың шырағын.

Құлындай қырыңда жүгірдім,

Ауылым – кәусарым, бұлағым.

 

Сағындым жауынын, дауылын,

Сағындым дос құшақ – бауырын.

Алыстап кетті деп жүрсің бе,

Оралам өзіңе, ауылым!

 

Ауылым – аңсарым, аяулым,

Өзінен нәр алдым, ой алдым.

Жетермін бір күндер сағынтып,

Ат басын бұрып ап қиялдың!