КУБА МЕН ҚАЗАҚСТАН

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Куба мен Қазақстан
Бір шаңырақ қос жұлдызы екенбіз,
Куба менен Қазақстан – екі елміз.
Көрінбейтін арқаулармен байланған,
Тағдырласпыз, тағдырлас боп өтерміз.

Жандырам деп бақыт шамын жанбаған,
Еркіндікті халық өзі таңдаған.
Міне содан мемлекеттің іргесін
Тәуелсіздік – елдің күші сомдаған.

Жарығындай нұрлы аспан астының,
Мәңгі жайнап алауласын достығың.
Барша әлем мойындасын біздерді,
Сен де, Куба, есігіңді аш бүгін!