ДОСТЫҚ ЖЫРЫ

Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

Дос деген - жарасқандық, мәнді ғұмыр,

Ұл мен қыз жарасатын сәнді ғұмыр.

Дұшпанға тізгін бермес бірлік осы,

Ғұмырын бір күн емес, мәңгілі қыл.

 

Достықтың түрі көп қой бұл өмірде,

Біреуі тұрады екен жүрегіңде.

Біреуі бастап тұрар ізгілікке,

Қамқоры қолдан келсе білегінде.

 

Достықты пайдалансаң өз пайдаңа,

Жиналмас жақсы адам айналаңа.

Жетіп бір орындалса ойлағаның,

Ұзаққа созылмайды тойлағаның.

 

Достықтың бастамасы – үйің, төрің,

Жарасты отбасыңа сүйінгенің.

Ауыз -ас, тоқшылықпен жүрген күнің,

Өзгеден төмен қалмай киінгенің.

 

Жарың дос тең келмейтін адал болса,

Жекжат дос ақ тілекпен қатар қонса.

Ауылдас, қызметтес – бәрі досың,

Достыққа лайық деген назар болса..

 

Осындай дос дегендер мен білетін,

Жылы сөйлеп жүрекке ендіретін.

Ол жас пен сақалыңа қарамайды,

Жүрегің таза болсын сендіретін